• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Көне Тараз әлемі» тарихи-мәдени экспозициялық комплексі

27.07.2017
0
«Көне Тараз әлемі» тарихи-мәдени экспозициялық комплексі
580
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Көне Тараз әлемі» тарихи-мәдени экспозициялық комплексі

1. Қарт Қаратау мен берекелі Талас, Шу өңірлерінің ел тарихындағы орны ерекше. Қазақстандағы ең бағзы адам тұрақтары да осы жерден табылған /Тәңірқазған, Бөріқазған мекендері, 700 мың — 150-200 мың жылдар бұрынғы қоңыстар/. Осынау абат өңірдегі кісі ұлының ізі үзілген емес. Ықылымдар сапырылысып жатыпты, тек әлімсақта пайда болған өркениет көші еш кідірмепті.

2. Таңбалы тастар – тасқа қашалған көне бедер ғана емес, қадым заманнан жеткен куәгер, ежелгі бабалар өмірі, танымы туралы жыр іспетті. Қаратау бөктерінде, Қордайда таңғажайып петроглифтер тұнып тұр.

3. Біздің дәуірге дейінгі бірінші мыңжылдықта мұқым Кіндік Азияның тұтасқа жуық байтақ өлкесін тарихқа «сақ» деген жиынтық атпен кірген тайпалар мекендеді. Сақтардың бір жарқа-бөлшегі, кейінгі үйсін, қаңлы, ғұндар Жетісуды жайлағаны белгілі. Сол бір аңыз ықылымның еміс елестері ретінде бүгінге жеткен көнелікті бұйымдардың құпия сымбат, бедері көрген жанды әлі де таң қалдырады. Қадым заманғы ірі ескерткіштердің бірі – Тараз маңындағы Берқара обасы.

4. Тараз – түркілердің көне байтағы. 568 жылы бұл шаһарда Ұлы қаған Естеми Ұрым /Византия/ елшісі Земархты қабылдаған еді. Заманындағы екі алып империяның алғашқы ресми кездесуі осылай өткен болатын. Талас-Шу ойпатының қала-кенттері Батыс Түрік қағанатының өркениет ордасы болатын.

5. Орта ғасырларда Тараз төңірегінде биік мәдениеті, миуалы бау-бақшалары аңызға айналған айбынды қала-кенттер маржандай тізілген екен. Сол бағзы кенттердің сырын археологиялық жәдігерліктерден – көздің жауын алған қыш ыдыс, құмыралар мен шамдалдардан аңдауға болады.

6. Ақыртас – обылыс аумағындағы ең құпия нысан. Ақыртастың жұмбағын шешпек болып, сырына үңілген зерттеулердің басталғанына да 150 жыл бедері болды. Ал өзінің жасы… әлі белгісіз. Зор қабырғалар, айбынды мұнаралар, салтанатты сарайлардың орны бар құпиясын әлі ашқан жоқ.

7. Айша-Бибі дүрбесі – Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммедтің аяулы ару Айша-Бибіге деген ғашық көңілі мен ортағасырлық түркілердің сәулет өнеріндегі данышпандығының куәсі іспетті.

8. Бабаджа-Хатун кесенесі – Айша Бибінің көзінің тірісінде күтуші-қамқоршысы, көзі кеткен соң шырақшысы болған ананың құрметіне тұрғызылған ескерткіш.

9. Айша-Бибі дүрбесінің ою-өрнектері керемет бітімімен, өзгеше сымбатымен көз тартады.




Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты