• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 21:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Күзембай Байбосыновқа арналған экспозициялық бұрыш ашылды

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
16.10.2026, 13:06
Мәдениет
Таразда Күзембай Байбосыновқа арналған экспозициялық бұрыш ашылды
5
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен көрнекті тарихшы, археолог, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың 85 жылдығына арналған «Тарихпен тілдесу» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шара аясында алдымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірінші экспозициялық залында ғалымның мерейтойына арналған экспозициялық бұрыштың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Жиында ғалымның шәкірттері, отбасы мүшелері мен музей ардагерлері сөз сөйлеп, оның ғылыми ізденістері, кәсіби жолы және өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге сіңірген еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті.


Экспозициялық бұрышқа Күзембай Байбосыновтың өмірі мен ғылыми қызметінен сыр шертетін құжаттар, фотосуреттер және өзге де құнды материалдар қойылды. Көрме ғалымның археологиялық зерттеулерін, өлкетану саласындағы еңбектерін және Жамбыл өңірінің тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге қосқан үлесін таныстырады.

Салтанатты рәсімнен кейін конференцияның пленарлық отырысы өтті. Жиынды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Отырысқа Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Асқар Абдуалы модераторлық етті. Пленарлық отырыста Күзембай Байбосыновтың Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеуге қосқан үлесі, Шу-Талас өңіріндегі ортағасырлық қалаларды зерделеу, байырғы түрік мұрасы, музей кеңістігіндегі тас мүсіндер және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша баяндамалар жасалды.


Конференция барысында Қазақстан археологиясы мен өлкетану ғылымының, музей ісі мен тарихи-мәдени мұраны қорғаудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Ғалымдар мен зерттеушілер өзара пікір алмасып, тарихи мұраны зерттеу мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Ғылыми-практикалық конференция қорытындысында Күзембай Байбосыновтың бай ғылыми мұрасын насихаттау, оның еңбектерін кейінгі ұрпаққа таныту және Жамбыл өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеу бағытындағы ғылыми ізденістерді жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Күзембай Байбосынов 1941 жылғы 10 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін, 1968 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1968–1984 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ал 1984–1998 жылдары директор және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалымның өмір жолы мен ғылыми еңбектері өңірдің тарихын зерделеу және тарихи-мәдени мұрасын сақтау ісімен тығыз байланысты.

Материал Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Күзембай Байбосыновөлкетанушытарихпен тілдесу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда «Шәмші әуендері» республикалық ретро-фестивалі өтті

Таразда «Шәмші әуендері» республикалық ретро-фестивалі өтті

16.10.2026, 13:11
Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

12.10.2026, 11:56
Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11
Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда «Шәмші әуендері» республикалық ретро-фестивалі өтті

16.10.2026, 13:11

Таразда Күзембай Байбосыновқа арналған экспозициялық бұрыш ашылды

16.10.2026, 13:06

Отбасының әл-ауқаты: C, D және E санаттары

16.10.2026, 11:13

Ақпараттық хабарлама, 29 қараша сайлау күні

16.10.2026, 09:31

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.