Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады?
Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Мәселен, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспанасының болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары назарға алынады.
C санатына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасылар жатады.
D санатындағы отбасылардың қаржылық жағдайы қиындау болады. Олардың табысы төмен, тұрақты жұмысы мен жеке баспанасы болмауы мүмкін. Сондай-ақ мерзімі өткен несиелері және отбасының материалдық жағдайына әсер ететін басқа да қиындықтары болуы мүмкін.
E санатына мемлекет тарапынан бірінші кезекте қолдау қажет отбасылар жатады. Әдетте, мұндай отбасыларда бірден бірнеше қиындық кездеседі. Мысалы, табысы кедейлік шегінен едәуір төмен болуы, тұрақты жұмысы, баспанасы, мүлкі мен жинағы болмауы, сондай-ақ мерзімі өткен несиелері болуы мүмкін.
Отбасының санаты бір ғана көрсеткішке қарап анықталмайтынын ескеру маңызды. Отбасының цифрлық картасы 50-ден астам өлшемшартты ескереді. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй жағдайы, мүлкі, көлігі, несиелері, кәсібінің, жер учаскесінің және жеке қосалқы шаруашылығының болуы, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы бар.
Отбасының өмірлік жағдайы өзгерсе, оның санаты да қайта қаралуы мүмкін.
▶️ Қандай көрсеткіштер ескерілетіні туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.







