«Әділет» партиясы Астана қаласы Сарайшық аудандық филиал төрағасы болып Берікқожа Серікбол Қайратұлы тағайындалды.
БЕРІКҚОЖА СЕРІКБОЛ ҚАЙРАТҰЛЫ
Серікбол Қайратұлы Берікқожа – заңгер, заң ғылымдарының магистрі, тарих бакалавры.
Еңбек жолын жастар қоғамдық ұйымы мен мемлекеттік қызмет саласында бастаған. Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының Тараз қалалық филиалының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарған.
Әр жылдары халыққа қызмет көрсету, қоғаммен байланыс, білім беру, жастар саясаты және қоғамдық бақылау салаларында еңбек еткен. «SANA» оқыту орталығының директоры, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінің басшысы, Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Халықаралық Тараз инновациялық институтының тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы болған. Кейін Астана қаласында білім беру мен ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту бағытындағы қоғамдық қорларда қызмет атқарған.
Қоғамдық-саяси қызметінде алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Тараз қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары және жетекшісінің міндетін атқарушы болған. Сонымен қатар партияның қалалық саяси кеңесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің және «Жас Отан» жастар қанатының Орталық кеңесінің мүшесі болған.







