Бүгін, 5 қазанда, Астана қаласында биылғы алғашқы қар түсті. Елорда тұрғындары таңертең қар жауғанын байқап, алғашқы қардың сәттерін әлеуметтік желілерде бөлісе бастады.
Қалада ауа райы күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Қазгидромет мәліметінше, бүгін ауа температурасы күндіз +3…+5°C шамасында болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.







