Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға ықпал ету, өскелең ұрпаққа рухани және эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті.
Байқауға Байзақ, Жуалы, Талас, Т. Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 6 отбасы қатысты.
Отбасылар өзара «Таныстыру», «Кітап – шаңырақтың шамшырағы», «Отбасылық құндылық: Салт-дәстүр – сана түбінде» кезеңдері бойынша бақ сынады.
Байқауға қазылық еткендер қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бас маманы Ж. Құттыбаева, «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Д. Сүгірбай және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Б. Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі С. Кусеева болды.
Іс-шара барысында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы «Інжу» өнер-білім орталығының үйірме өнерпаздары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Байқау қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде – Байтұрғановтар отбасы (Шу ауданы);
🥇 І орын – Кемеловтер отбасы (Жуалы ауданы);
🥈 ІІ орын – Орынбасаровтар отбасы (Байзақ ауданы);
🥉 ІІІ орын – Сәрсехановтар отбасы (Т. Рысқұлов ауданы).
Сонымен қатар, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Төлеуішевтер отбасы (Тараз қаласы), «Мерейлі отбасы» номинациясымен Бесбаевтар отбасы (Талас ауданы) марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушы отбасыларға белсенділігі, шығармашылық ізденісі және байқауға жоғары деңгейде атсалысқаны үшін алғыс білдірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.







