Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 19 әскери қызметші кеткен. Қазіргі уақытта олардың 9-ы қаза болғаны анықталды. Үш әскери қызметші құтқарылды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің, авиацияның және басқа да тиісті қызметтердің күштері жұмылдырылды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру мақсатында оқиға орнына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетілетінін хабарлады.
Министрлік іздестіру жұмыстарының барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер нақтыланып, расталғаннан кейін берілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана сүйену қажеттігін атап өтті.







