Оқиға Гвардейск гарнизоны аумағында болған. Қоқыс контейнерлерінің бірінен табылған нәресте туралы ақпаратты аудандық полиция бөлімінің өкілдері растады.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сәби – қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Нәрестені қоқыс контейнеріне кім және қандай жағдайда тастағаны әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр






