«Қоғам және дін» атты кездесу
Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1 маусым күні Жамбыл ауданына қарасты Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде және №17 колледжінде ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Қоғам және дін» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық орталық Һибатулла тарази мешітінің наиб имамы, дінтанушы, теолог Аманбаев Ержан Маханұлы арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді. Кездесуге мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және студенттер барлығы 100-ден аса адам қатысты. Кездесу барысында Ержан Маханұлы дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Е.Аманбаев сөз сөңында Ислам діні ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті.
Асхат Олжабаев
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы