• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жазғы демалыс – спортпен бірге!

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар Мойынқұм ауданында жүйелі түрде жалғасуда.

22.06.2026
0
Жазғы демалыс – спортпен бірге!
38
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жастар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар Мойынқұм ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Аудан әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес ауылдық округтерде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жас буынның дене шынықтырумен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасалуда.

Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі Айдарлы ауылындағы спорт кешенінде өтті. Мұнда «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

Дәстүрлі ұлттық спорт түрін насихаттауға бағытталған жарысқа Шу және Т.Рысқұлов аудандарынан, сондай-ақ Мойынқұм ауданына қарасты Шығанақ, Бірлік, Айдарлы және Мойынқұм ауылдарының жас палуандары қатысты. Боз кілемде бақ сынаған жас спортшылар өзара шеберліктерін көрсетіп, тартысты белдесулер арқылы жеңіс жолында бар күш-жігерін салды.

Турнир барысында қатысушылар жоғары техникалық дайындықтарын, төзімділіктері мен ұлттық күрестің сан түрлі әдіс-тәсілдерін паш етті. Әр белдесу көрермендердің қызығушылығын оятып, ұлттық спорттың жас ұрпақ арасында кеңінен дамып келе жатқанын айқын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар арнайы аталымдармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік әдіс», «Жеңіске деген жігері үшін» және «Белді палуан» номинациялары бойынша үздіктерге естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленген палуандар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.

Мұндай спорттық іс-шаралардың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, зиянды әдеттердің алдын алу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, осындай жарыстар арқылы жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, шеберліктерін шыңдауына және болашақтағы үлкен додаларға дайындалуына мүмкіндік жасалады.

Айта кетейік, жазғы демалыс кезеңінде ауданның барлық ауылдық округтерінде спорттың әртүрлі түрлері бойынша жарыстар өткізу жоспарланған. Бұл игі бастама жастардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қоса бермек.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты