• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ысырапшылдыққа жол берілмейді

26.05.2017
0
Ысырапшылдыққа жол берілмейді
256
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа қарсы шара қолданылмақ
Қазақ халқы әр нәрсенің қадіріне жете білген. Бабаларымыз «Барға қанағат, жоққа сабыр» деп тәуба етіп, Алла берген ырыздық, несібесін қанағат етіп келген. Қолындағы барын аз болса уайымдамай, көп болса тасымай өмір сүрген жұртпыз. Дегенмен бүгінгі таңда ысырапшылдық пен қанағатсыздық етек жайып, шариғатқа да дәстүрімізге де тым жат әрекеттер орын алуда.

Осы бір түйіткілдің түйінін тарқатып, халықты туралыққа бастау мақсатында, бүгін қасиетті жұма күні «Һибатулла Тарази» мешітінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға Жамбыл облысының ақсақалдар кеңесі мен облыс және қала имамдары, облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақсақалдар қоғамдағы жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа наразы. Ал қашанда ортада әділдік орнатып отыратын қариялар бұл турасында дін мамандары мен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірге әрекет етуді жөн көріп отыр.

Бас қосу барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев ысырапшылдық, қанағатсыздық туралы сөз сөйлеп, дін мен дәстүрді тілге тиек етті. Бұл бастама үшін арнайы ашық хат жасалып, оны «Ғұмыр-Дария» газетінің Директор-бас редакторы Ж.Миллионов таныстырып өтті.

Ашық хатта қариялар: Жаназа өткізу тәртібі; Құдай тамақтардағы ысырапшылдық; Қара киіну туралы салт-дәстүр не дейді? Ұлттың рухани дамуына арналған бұқаралық ақпарат құралдары қажет деген төрт негізгі жайттарға тоқталды.

«Біздер, Жамбыл облысының бір топ ардагер-ақсақалдары ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын өз ортамызда талқылап, пікір алысқаннан кейін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келген Ислам дінінің әдеп-ғұрпын, рәсімдерін ұстанудың қазіргі кезге тән қынжылыс туғызар мәселелері туралы жұртшылыққа Ашық хатпен қайырылуды жөн санадық,» — дейді хат мәтінінде.

Ардагерлер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын белсенді түрде ортаға салып талқыласты. Сонымен қатар ақсақалдарға мешіт атынан «Жаназа өткізу рәсімдері» кітабы сыйға тартылды. Мәжілісте құдай тамаққа арналып жасалатын дастарханның той дастарханымен бірдей болатындығы, оның ысырап екендігі айтылып, бұған қолданатын шара да қарастырылды.

Жиын соңында «Ата-бабадан келе жатқан асыл қасиет – қанағатты ардақтап, ысырапқорлық жасаудан аулақ болайық!» атты ашық хатқа облыстың ардагер-ақсақалдары мен облыстың бас имамы Данияр Жұмабаев және қаланың бас имамы Қанат Жұмағұлов қол қойды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Тегтер: ақсақалдарас адамның арқауыашық хатдінжаназақанағатқұдай тамақҺибатулла Таразиысырапшылдыққа жол бермеу

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты