• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Зейнеп Ахметова Тараздағы Бауыржан Момышұлының музейімен танысты

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі берілген Тараздағы музейге арнайы келген тұлғаның келіні, жазушы Зейнеп Ахметова жамбылдық журналистермен жүздесті, деп хабарлайды Turaninfo.kz тілшісі.

11.06.2026
0
Зейнеп Ахметова Тараздағы Бауыржан Момышұлының музейімен танысты
58
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Зейнеп Ахметова музей қорына өзі тапсырған жәдігерлер қойылған экспозициялық залды аралап, әрбір құнды мұраның тарихына тоқталды. Ол жәдігерлерге қатысты естеліктерімен бөлісіп, батырдың тұлғалық, батырлық болмысын ашатын естеліктерімен, өнегелі өсиетімен бөлісті. 

 

“Мен Зейнеп Ахметова ретінде өмір сүрген жоқпын. Мен Момышұлының келіні ретінде өмір сүрдім. Өйткені солай болуы керек. Нысанада тұрасың. Халықтың көзінен ештеңе де жасырын қалмайды. «Сен тас санағанды халық құм санайды», – дейді. Ата айтатын: «Қатарыңнан озсаң да, халықтан оза алмайсың. Халықтың алдында басыңды иіп жүр». Халықтың алдында басын игеннен жаман болған жоқ. «Жақсы адамның жақсылығын айт, бірақ жағымпазданба. Жағымпаздық – рухани құлдық», – дейді. Сұмдық сөз ғой. Былай қарасаң, қарапайым сөз ғой. «Жаман адамның жамандығын айтсаң да, жала жаппа», – дейді. Ата үшін мүлде жаман адам, жақсы адам деген болмайтын”, — деді Зейнеп Ахметова сөз барысында. 

Зейнеп Ахметованы қарсы алу рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлдана Серікбаева қатысып, құрметті қонаққа гүл шоқтарын табыстады.

Кездесу барысында Зейнеп Ахметова өңір журналистерімен жүздесіп, ашық сұхбат өткізді. Ол Бауыржан Момышұлы туралы жүрекке жылы, тағылымы мол естеліктерін айтып, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Сондай-ақ, Зейнеп Ахметова алдағы күз айларында батырдың өз қолы тиген және өмірімен тікелей байланысты бірқатар құнды жәдігерлерді музей қорына тапсыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл – музей қорын толықтырып, келушілер үшін тарихи мұраның мазмұнын одан әрі байыта түсетін маңызды қадам болмақ.

Айта кетейік, «Даңқ» залының екінші қабатында орналасқан «Бауыржан Момышұлы музейі» 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ашылған болатын. Бүгінде музей қорында 540 бірегей әрі құнды жәдігер сақталған.

Экспозицияда батырдың туған ортасы мен балалық шағынан бастап, еңбек жолы, соғысқа дейінгі қызметі, майдандағы ерлігі, алған марапаттары, соғыстан кейінгі қоғам қайраткерлерімен байланысы, әдеби мұрасы мен қолжазбаларына дейін қамтылған. Мұнда қойылған заттай жәдігерлер, сирек фотосуреттер мен кітаптар келушілерді Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір жолымен тереңірек таныстырады.

 



Тегтер: БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫжамбылдық журалистерЗейнеп Ахметовамузей

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты