• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жастардың таңдауы – Жас Отан!

16.05.2017
0
Жастардың таңдауы – Жас Отан!
490
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жастардың таңдауы – Жас Отан!
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының «Менің таңдауым — Жас Отан!» атты жастар форумы өтті.
Бүгінде облыстық «Жас Отан» жастар қанатының 145 бөлімшесінде 14 мыңнан аса мүшесі бар жастардың белсенді ұйымы. Олар өңірде қоғамның басты қозғаушы күші болып табылатын жастардың бойына қазақстандық патриотизмнің терең сезімін қалыптастыру бағытында ілкімді жұмыстар атқарып келеді. Жастар саясатының діңгегіне айналып отырған ұйымның бұл салада да жұмысы жүйелі, өресі биік. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өткен жасотандықтардың шарасына «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, сондай-ақ «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, «Кеңес беру консалтинг орталығының» ұймдастырылмаған базар жастары, ҮЕҰ мен мемлекеттік мекемелердің жұмысшы жастары және жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Жиында Шәбден Тілеумұрат сөз алып, жастар қанатының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, қолға алып отырған жобаларының іске асуына сәттілік тіледі.
– Партия жұмысының алға басуына жасотандықтар белсенді атсалысып келеді. Олар өңірде жастар саясатының дамуына да үлес қосуда. Бүгінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан өзге кәсіпорындарда бөлімшелер ашылып, нәтижелі жұмыс атқаруда. Жасотандықтар жастар саясатынан өзге өскелең ұрпақ бойына отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамыту бағытындағы істері ілкімді. Еліміздің келешегі, мәдениеті жастардың қолында. Қазір жастар қандай болса кейінгі ұрпақ та сондай. Бұл ретте жасотандықтарға артылып отырған сенім мол, – деді Шәбден Тоқтасынұлы. Мұнан соң ТарМУстуденті, ұйымның белсенді мүшесі Салтанат Букешова «Жас Отан» жастар қанаты студенттік өмірді қызықты әрі пайдалы өткізуді қамтамасыз ете алатын бірден бір орта екенін атап өтті.

Жас Отан – тек саяси ұйым ғана емес, студенттердің бойына бауырмалдылық, креативтілік және «бәріміз біріміз үшін» деген ұран нақты қалыптастыра алатын ұйым екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек форумның мақсаты – «Жас Отан» Жастар қанатының ішкі активін қалыптастыру, дамыту және ілгерілету және өскелең ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизмнің терең сезімін қалыптастыру, отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамыту екендігін атап өтті. Облыстағы жасотандықтардың басшысы ұйымның жұмысына сүбелі үлесін қосқан белсенді жастарға «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаевтың Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ оларға ұйым куәлігін табыс етті. Шара «Жас Отан» жастар қанатының өнерлі мүшелерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Шынболат Сейдуалиев

Тегтер: Жамбыл облысыжас отанжастарнұр отанТараз
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

28.07.2025
Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

28.07.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

28.07.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

28.07.2025
Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке шабуыл жасалды

Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

28.07.2025
Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

28.07.2025
Қазақстанда жаңа оқу жылы бір күнге кеш басталады

Қазақстанда жаңа оқу жылы бір күнге кеш басталады

28.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский