Бұгін «Әділет» партиясының құрылтайы өтіп саяси кеңес мүшелері мен бірінші төрағасы сайланды.
Бірінші төраға болып Айбек Арқабайұлы Дәдебай сайланды. Дәдебай соңғы қызметі ҚР Президент Әкімшілігінің төрағасы болған.

«Әділет» партиясы – жаңа конституциялық құндылықтарды ұстанатын, парасат пен прагматизмге сүйенетін саяси күш. Біз Президенттің стратегиялық бағытының институционалдық тірегі болып, жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді қоғамда өзгеріс жасай алатын күшке айналдыру үшін жұмыс істейміз және соған жауапты болуға дайынбыз.
Жаңа Конституция елдің алға нық қадам басуына сеп болатын мығым саяси-құқықтық негіз қалыптастырды. Алайда ең мінсіз деген жүйенің өзі жасампаз қуатқа толы әрекетке ұласқанда ғана өміршең болады.
«Әділет» партиясы маңызды мемлекеттік шешімдердің бәрі қоғамның сұранысын, заң үстемдігі мен ел мүддесін ескеріп, ақыл мен парасатқа сүйенген эволюциялық даму жолын қолдайды.







