• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Жүргізуші куәлігін алу түбегейлі өзгереді: енді емтиханды шексіз тапсыруға болады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

14.04.2026
0
Жүргізуші куәлігін алу түбегейлі өзгереді: енді емтиханды шексіз тапсыруға болады
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуге бағытталған нақты шаралар қаралып, бекітілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі. 

Біріншіден, енгізілетін жаңашылдықтарға сәйкес азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әрекеттер арасындағы аралықты кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыра алады.

Айта кету керек, қазір азаматтарға 3 тегін мүмкіндік беріледі: алғашқы екі мүмкіндік — 1 күн аралықпен, үшіншісі — 30 күннен кейін. Аталған мүмкіндіктер аяқталған соң қайта оқудан өту талап етілетін, бұл жекелеген жағдайларда азаматтарды жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға итермелейтін жағдайлар туғызатын. Жаңа норма рәсімді анағұрлым қолжетімді етіп, артық шектеулерді алып тастауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Екінші шара ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Астана қаласындағы филиалы базасында пилоттық жоба шеңберінде осы орталықта қолданылатын академиялық адалдықты қамтамасыз ету технологиялары сынақтан өткізіледі. Кейін бұл технологияларды жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсырудың бүкіл жүйесінде қолдану жоспарланып отыр. Технологияларды апробациялаумен қатар, Ұлттық тестілеу орталығы теориялық емтихан тестілеріне кешенді психометриялық зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер олардың көлік құралын қауіпсіз басқаруға қажетті білімді, білік пен дағдыларды шынайы бағалау құралы ретінде жарамдылығын растауға бағытталады.

Үшінші және төртінші шаралар аясында емтихан өткізу процесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Атап айтқанда, теориялық емтихан қабылдау кезінде толықтырылған шынайылық (AR), ал практикалық емтиханды бақылауда компьютерлік көру (Computer Vision) технологиясы қолданылады. Бұл тыйым салынған техникалық құралдарды пайдалану тәуекелін азайтып, бұзушылықтарды нақты тіркеуге мүмкіндік береді.

Бесінші шара ретінде жүргізуші куәлігін алуға қатысты цифрлық шешімдердің ақпараттық қауіпсіздігін барынша күшейту көзделеді. Осы мақсатта оларды ақпараттандырудың аса маңызды объектілері тізбесіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл құқық бұзушылықтар мен рұқсатсыз араласу үшін жауапкершілікті, қылмыстық жауапкершілікке дейін, күшейтуге мүмкіндік береді.

Алтыншы маңызды шара шеңберінде әкімшілік жауапкершілікке қатысты нормаларды енгізу қарастырылған. Бұл жауапкершілік қызмет алушыларға да, жүргізуші куәлігін заңсыз алуға жәрдем көрсететін тұлғаларға да қолданылады. Шаралар емтихан тапсыру процесінде бұзушылықтар анықталған жағдайда қабылданады. Олардың қатарына тыйым салынған құрылғыларды, микроқұлаққаптарды, микрокамераларды, сондай-ақ байланыс сигналдарын қабылдайтын және тарататын құралдарды пайдалану жатады. Бұдан бөлек, теориялық емтихан тапсыру құқығынан 1 жылға айыру мүмкіндігі енгізіледі.

Жетінші шара ретінде автомектептердің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделеді. Олардың жұмысын бағалау кезінде жүргізушілерді даярлау сапасы мен азаматтардың кері байланысы ескеріледі. Сондай-ақ олардың қызметін лицензиялау енгізу жоспарланып отыр. Жүргізушілерді даярлау сапасы төмен болған жағдайда лицензияны толық кері қайтарып алу шарасы қарастырылады.

— Аталған шараларды жүзеге асыру жүргізуші куәлігін алу рәсіміндегі артық шектеулерді жоюға, оның ашықтығы мен азаматтар үшін қолайлылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған, — делінген хабарламада.

 

Тегтер: автомектепемтиханЖүргізуші куәлігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты