Концерт бағдарламасында «Вальс королі» атанған композитордың таңдаулы әндері ұсынылып, көрерменге ерекше музыкалық кеш сыйлады. Әндер жанды сүйемелдеуде, жанды дауыста орындалып, сағыныш, махаббат және өмір тақырыптары кеңінен көрініс тапты.
Кешке «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалды-аспаптар ансамблі, «Фараб», «Ғасыр» би ансамбльдері және филармония әншілері қатысты. Сонымен қатар, эстрада өнерпаздары – Наркенже Серікбаева, Хадиша Сейітова, Дима мен Дана, «Сарын» тобы және Данияр Барыс өнер көрсетті.
Іс-шара барысында композитордың бұрын жарияланбаған мұрағаттық деректері таныстырылып, әндерінің шығу тарихы баяндалды. Көрермен «Шәмші» музей-үйінен әкелінген жеке бұйымдары мен сахналық киімдерін тамашалады.








