• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды

Бүгін Астанада блогерлер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды.

turan_admin turan_admin
13.03.2026, 21:24
Қазақстан жаңалықтары
Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
24
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділбек Баймаханов қарап жатыр

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын және іс материалдары сотқа жолданғанын хабарлаған.

Жанабыловтар отбасының адвокаты Гаухар Айтжанова бірнеше өтінішхат білдірді. Атап айтқанда, істі прокурорға қайтаруды сұрады. Айыптау тарапы бұл өтінішпен келіспей, барлық дәлелдер мен уәждерді негізгі сот талқылауы барысында зерттеуді сұрады.

Тергеу блогерлерді келесі баптар бойынша айыптап отыр:

  • ҚР ҚК 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік;
  • ҚР ҚК 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату).

Кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін судья негізгі сот талқылауы 16 наурызда өтетінін жариялады. Іс фигуранттарына қатысты шектеу шарасы өзгеріссіз қалды — үйқамақ.

Еске салайық, тергеу нұсқасы бойынша Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова әлеуметтік желілерде жүлде ұтыстарын өткізіп, оқыту курстарын сатқан. Бұған дейін олар үйқамаққа алынған. Жанабыловтарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Отбасы сот залында өздерінің бейнелерін жариялауға тыйым салуды өтінді. Судья өтінішті қанағаттандырды. Дегенмен сот процесін ашық форматта өткізу туралы шешім қабылданды.

Айыпталушылардың адвокаты Гаухар сот отырысында істі прокурорға қайтару туралы өтініш жасағанын айтты. Оның сөзінше, қылмыстық іс материалдарында бірқатар заңбұзушылықтар бар, алайда оларды әзірге жария түрде талқылау ерте.

«Бүгін мен барлық бұзушылықтарды айтқан жоқпын. Негізгі сот талқылауы 16-сы күні басталады. Материалдарды зерттеуді әлі бастаған жоқпыз, сондықтан қазір бұл туралы толық пікір айтуға ерте», — деді адвокат.

Сондай-ақ қорғаушы айыпталушылардың жеке өмірі мен олардың балаларының мүддесін ескеру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жанабыловтар отбасында кішкентай балалар бар, сондықтан ата-анасының бейнесі мен ісі төңірегіндегі жағымсыз пікірлер балаларға әсер етуі мүмкін.

Адвокат әлеуметтік желілерде тараған айыпталушылардың қоғамдық орындарға барғаны туралы пікірлерге де түсініктеме берді. Оның айтуынша, үйқамақ шарттары бойынша олар кешкі сағат 22:00-ден таңғы 07:00-ге дейін ғана үйде болуы тиіс.

«Қалған уақытта, әсіресе кішкентай балалары барын ескерсек, олар балаларын киноға немесе сауда орталығына апара алады. Мұндай әрекеттер сотпен рұқсат етілген», — деді қорғаушы.

Сондай-ақ адвокаттың айтуынша, айыпталушыларға телефон мен мессенджерлерді пайдалануға рұқсат берілген.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.