• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

«Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттл өтті

26.02.2026
0
«Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттл өтті
51
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттл ұйымдастырып, қазақ поэзиясына нәзіктік пен биіктікті қатар сыйдырған, жырларымен талай жанның жүрегіне жол тартқан, 2025 жылдың қарашасында қазақ халқының қабырғасын қайыстырып өмірден озған Күләш Ділдәқызы Ахметованы еске алып, рухына тағзым ете отырып 1 минуттық үнсіздік жарияланды.

Жанымыздан жоғалтып алсақ та, жадымызда мәңгі сақталатын ақынның рухы оның жырларымен бірге өмір сүруін тоқтатпайтындығын паш етіп, еске алу дәстүрлі үнсіздікпен ғана емес, оның болмысына жақын поэтикалық баттл форматында жүргізілді.

Баттлға С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептен 5 оқушы, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептен 1 оқушы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатынан 5 оқушы ұсыныс білдіріп, барлығы 10 оқушы қатысты.

Жарыс төмендегідей төрт кезеңнен тұрды:
І-кезең «Мен және Жасанды Интеллект» (ЖИ пен ұштастырып, креативті түрде өзін өзі таныстыру.)
ІІ- кезең «Жүрегім үндейді» (Күләш Ахметованың өлең жолдарын оқу. Тақырып әр кімнің өз қалауымен. Өлең шумағының көлемі шектеусіз, бастысы орындау уақыты 5 минуттан аспауы тиіс. Музыкалық сүйемелдеу, сахыналық көрініспен әрлеу қосымша ұпаймен ескеріледі)
ІІІ-кезең «Ақын жолын жалғастыр» Қатысушыларға Күләш Ахметова өлең жолдарынан үзінді ұсынылады.
– Міндет: түпнұсқаның философиялық-эмоционалдық құрылымын сақтай отырып, поэтикалық мәтінді логикалық және стилистикалық тұрғыдан дұрыс аяқтау.
– Дайындалу уақыты: 7 минут)
ІV-кезең «Кескіндегі өлең» (Міндет: 10 минут ішінде ұсынылған картинаның көңіл-күйі мен мазмұнын барынша дәл бейнелейтін К. Ахметова шығармаларынан үзінді дайындап, мәнерлеп оқу).

Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетіп, ақын өлеңдерін ортаға салды. Сөз бен ой таразыға түскен осы сәтте, сөздің салмағын саралаған әділ қазы алқалары шындықпен өнерге негізделген шешімдерін жария етіп, жүлдегерлерді І.ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
І –дәрежелі дипломмен («Алиса» ақпарттық құрылғысы) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Әбдібай Еркеназ;
ІІ-дәрежелі дипломмен (Сымсыз магнитті қуаттағыш «Поуэрбанк») Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Маратбек Тәсним;
ІІІ-дәрежелі дипломмен (Құлаққап) С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 7 сынып оқушысы Аманбекқызы Еркеназ марапатталды.
Шара соңында аққынның «Орман» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесері өтіп, 1 данасы арнайы №2 «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларына жолданды.

Тегтер: Күләш Ахметова

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты