Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Әжібаев Айбек Итқараұлы тағайындалды деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
Әжібаев Айбек Итқараұлы,1986 жылы туылған.
Білімі туралы ақпарат:
2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Шетел тілдері: ағылшын және түрік тілдері» мамандығы бойынша, 2012 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2009-2010 жылдары «Жамбыл облысы білімгерлер және жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде бастаған.
2011-2013 жылдары «Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып жұмыс істеген.
2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау орталығы» КММ басшысы қызметін атқарған.
2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы қызметін атқарған.
2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылы Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік саяси мониторинг бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2019-2025 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы қызметін атқарған.
2025-2026 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы қызметін атқарған.







