• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда 36 жоба іске асырылуда

Қазақстан мен Германия сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету бағытын растады

28.01.2026
0
Германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда 36 жоба іске асырылуда
130
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Саяси директоры Доминик Муттермен кездесті.

Келіссөз барысында Қазақстан екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Германиямен әріптестікті одан әрі нығайтуды дәйекті түрде көздейтіні және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық әріптестің бірі ретінде қарастыратыны атап өтілді. Сауда-инвестициялық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан-Германия қатынасының негізі және қозғаушы күші екені айқын.

«Қазақстан Германиямен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Сауданы әртараптандыруға, экономиканың негізгі салаларына жаңа технология енгізуге баса назар аудара отырып, бұл процесті жүйелі және ұзақ мерзімді жүргізуге ниетті», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Германия Қазақстан Республикасының сауда әріптестерінің арасында жетінші орында. 2025 жылғы қаңтар-қараша қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,9 млрд болса, оның ішінде экспорт — $1,2 млрд (+7,9%), импорт — $2,7 млрд (+6,1%).

Өзара сауда құрылымын әртараптандыру, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларындағы жаңа технологиялар трансферін кеңейту басым міндет ретінде белгіленген.

Екі ел арасында тұрақты экономикалық диалог қалыптасқаны атап өтілді. Онда Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес шешуші рөл атқарады. Бұл тетіктер өлшемелі нәтиже берді: германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда €49,7 млрд сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде 23 жоба пайдалануға берілді. Қалыптасқан негіз ынтымақтастықтың неғұрлым технологиялық күрделі форматына көшуге мүмкіндік беретіні атап көрсетілді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуды және неміс банктері мен сақтандыру құралдарының қатысуымен «жасыл» энергетиканы дамытуды қосқанда, стратегиялық маңызы бар жобаларды бірлесіп қаржыландыруды күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірлескен қаржыландырудың қазақстандық-германдық тетігін белсенді іске қосу ұсынылып отыр. Қазақстандық тарап Германияның қаржы институттары мен компанияларының қатысуымен, оның ішінде «жасыл» болат бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасымен сутегі және «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға әзірлігін растады.

Германия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретіні де атап өтілді. Бұған дейін тараптар арасында Орталық Азиядағы Орнықты егіншілік өңірлік орталығының тұжырымдамасы келісілген болатын.

Қазіргі уақытта Орталық құру және одан әрі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты мен форматын айқындайтын Үйлестіру кеңесін қалыптастырудың практикалық жұмысы басталды.

Өз кезегінде Доминик Муттер Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

«Германия үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен стратегиялық аймақтық әріптестіктің маңызы зор. Біз елдің аймақтағы рөлін жоғары бағалаймыз және оның көпвекторлы саясатына оң баға береміз. Біздің елдеріміз арасында ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара мүдде бар. Маңызды жаһандық өзгеріс жағдайында өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруды анықтау маңызды», — деп атап өтті ол.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және екіжақты өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруға өзара мүдделілігін растады.

Тегтер: германияДоминик МуттерҚазақстанСерік Жұманғарин

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты