• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс секілді әлемдік жұлдыздардың қатысуымен концерт өтпек

ҚР Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама етті.

27.01.2026
0
2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс секілді әлемдік жұлдыздардың қатысуымен концерт өтпек
115
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты

Халықаралық туристерді тарту және заңнамалық қолдау – Президенттің саланың даму қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға басты негіз. Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады. Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр, мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта Топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.

Капиталды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша салаға тартылған инвестициялар көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, «Ой-Қарағай» курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, — деді министр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы тау кластерін, Щучье-Бурабай курорттық аймағын және Маңғыстауды дамыту жоспарлары бекітілді. Үкімет отырысында инфрақұрылымдар құру және дестинацияларды ілгерілету жөніндегі шаралар туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады. Оның айтуынша, Алматы өңіріндегі курорттар бірыңғай жүйеге біріктіріледі: 30 жаңа аспалы жол және 161 шақырым шаңғы трассасы пайда болады. Бұл маусым қызған шақта жүктемені азайтуға және туристік ағымды 5 миллион адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба жоғары экономикалық әлеуетке ие, өйткені тау шаңғысы туристерінің шығындары орта есеппен $350 құрайды, бұл жағажай туристерінің шығындарынан 7 есеге көп.

Щучье-Бурабай аймағында Қатаркөл және Жөкей көлдеріне жүктемені бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы «Променад» аймағы, 10 шақырым веложолдар мен қарау алаңдары іске қосылды. Маңғыстауда «Жылы жағажай» және «Кендірлі» аймақтарына басымдық беріліп отыр. Абаттандырылған жаяу маршруттар, қарау алаңдары, визит-орталықтар құрылады. Туристік өнімді кеңейту есебінен қонақтардың болу ұзақтығын 10 күнге дейін ұлғайтуды және 2029 жылға қарай ағымды тағы 150 мың адамға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті министр.

Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар туристік бағыт ретінде елдің тартымдылығын арттыра отырып, халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.

Осының аясында туристік өнімдердің географиясы мен түрлері айтарлықтай кеңейді. Бүгінде ТМД, Еуропа және Азияның 18 ірі онлайн-платформасында Қазақстан бойынша 1100-ден астам тур ұсынылуда. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе өсім. Биыл өңірлерге басымдық бере отырып, турлар санын одан ары арттыру міндеті қойылып отыр, — деді Талғат Ғазизов.

Қазақстанның имиджін шетелде ілгерілету бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:

Euronews Travel, Amazon Prime Video, Бірінші арна және Францияның M6 телеарнасында көрсетіліп, негізгі нысаналы нарықтарды қамтуды қамтамасыз етті;
Қазақстанның Қытайдың әлеуметтік желілеріндегі – Weibo, WeChat, Rednote платформаларындағы және әлемдік жетекші цифрлық алаңдардағы қатысуы тұрақты түрде дамып келеді;
Өткен жылы 12 елден келген 115 журналист, блогер және туроператордың қатысуымен 16 инфотур ұйымдастырылды. Осы жылға арналған жоспарлар:
  • Мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылды;
  • Барлық аймақтарды қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынды.
  • 2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарлануда;
  • фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету бойынша арнайы штаб құрылды;
  • Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарланған.

Тегтер: Basta RhymesNicoleTimbalamdЕрбол ҚуантайұлыҚР Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама етті.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты