Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларға сәйкес Байзақ ауданының аграрлық саладағы кәсіпкерліктің дамуының жайы мен проблемалары» тақырыбы бойынша Қоғамдық тыңдау өтті.
Облыстық Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткен басқосудың мақсаты ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5,6,16,18 және 21 баптарының талаптарын басшылыққа ала отырып қоғамдық маңызы зор аудан агроөнеркәсіп кешенінің жай-күйін ел өрлеуінің жаңа кезеңінде Елбасы тапсырмалары аясында жариялы түрде талқылап, атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты зерделей келіп тиісті ұсынымдар қабылдау болды.
Қоғамдық тыңдауды Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Кәрібайұлымодераторы болып, төралқасында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес хатшысы Қ.Шотбақов, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің аграрлық, жер ресурстарын пайдалану жөніндегі комиссия төрағасы С.Сейдазімов, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов және Байзақ ауданы әкімі Р.Рахманбердиев қатысты. Қоғамдық тыңдауға арнайы ауыл шаруашылығы саласында кредит беретін ұйымның басшылары мен мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары жиналып, Байзақ ауданы тұрғындары түйткілді мәселелер бойынша жауап алды.
Қоғамдық тыңдауға алдында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі, Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерінен құралған 6 мобильдік топ белсене қатысты. Кеңеске осы уақытқа дейін 60-тан астам сұрақтар түсті. Көтерілген ол мәселелерге облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Е. Құлкеев, облыстық Қоғамдық кеңестің аграрлық саясат жөніндегі комиссия төрағасы С.Сейдазімов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков, облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә.Ахатаев, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Жайлыбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы С.Құрманбекова тұщымды жауаптар берді.
Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауларда жұртшылық тарапынан көтерілген «Кеңес», «Шахан» ауылдарына ағын су жеткізу, 21 елді мекенге газ кіргізу, 30 мыңнан астам халық тұратын аудан орталығы мен «Тегістік» ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету секілді маңызы үлкен әлеуметтік мәселелер де талқыға түсті. Бұдан өзге облыстық Қоғамдық кеңестің тікелей аралауымен «Кеңес» және «Шахан» ауылдары дихандары үшін ағын су проблемалары өз шешімдерін тапты. Облыстық бюджеттен аталған ауылдарға қажетті қаржы бөлінді. Нәтижесінде 3 мың гектарға жуық айналымнан шығып қалған суармалы жер ел игілігіне пайдаға асатын болды.
Жалпы агроөндірістік салада барлық тауарлар мен тұтыну заттарының 70-ке жуық пайызы өндірілетін болғандықтан халықтың өмір сүру деңгейі мен моральдық бет-бейнесі тікелей осы саланың тиімділігіне тәуелді. Кездесуді жаңадан тағайындалған аудан аудан әкімі Рахметілда Сегізбайұы Рахманбердиев қорытындылап өзінің алдағы жоспаларын ортаға салды. Содан соң облыстық Қоғамдық тыңдаудың заңға сәйкес атқарушы билік орындауға міндетті Ұсынымдарын қабылдау аяқталды.
TURANINFO.KZ