• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бектенов цифрландыру және қаржылық сауаттылық бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қойған міндеттері шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

18.12.2025
0
Бектенов цифрландыру және қаржылық сауаттылық бойынша кеңес өткізді
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Онда Денсаулық сақтау министрлігінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіруге және цифрлық трансформациясына қатысты тәсілдері қаралды. Халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен шамамен 17 млн адам қамтылған, оның 12 млн-ға жуығы жеңілдікке ие санаттарға жатады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС қаражатының жиынтық көлемі 6 жыл ішінде 6,8 трлн теңгеден асқанын баяндады, оның 2 трлн теңгесі – азаматтардың жеңілдікке ие санаттары үшін берілген мемлекеттік жарналар. Тек биылдың өзінде ғана осы мақсаттарға 1,4 трлн теңге аударылған.

Жиынға қатысушылар міндетті әлеуметтік сақтандыру пакеті 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңейтілетініне байланысты цифрлық тетіктерді енгізу арқылы қадағалауды күшейте түсу және жүйенің ашықтығы мәселелерін талқылады. Келер жылдан бастап халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамту айтарлықтай кеңеймек. Тиісті заңнамалық өзгерістер жаңа жылдан бастап күшіне енеді.

Бүгінде Қазақстанда медициналық көмектің 92%-ы автоматты түрде жүзеге асырылады. 2026 жылдың соңына дейін оны  100%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл адами факторды толығымен алып тастауға мүмкіндік береді.

Одан бөлек сатып алу, медициналық қызметтерге ақы төлеу сияқты басқа да негізгі бизнес-процестер цифрландырылды. Қордың ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері және eGov жүйелерімен интеграциялау жеңілдікке ие санаттар бойынша деректердің автоматты түрде жаңартылуын қамтамасыз етті және медициналық сақтандыру жүйесі жарналарын есепке алудың дәлдігін арттырды.

Биыл халықтың медициналық қызметтер көлеміне нақты қажеттілігін есептеуді ескере отырып, жоспарлау қағидаларын, әдістері мен тәсілдерін бекіту маңызды қадам болды. Келесі жылы жоспарлаудың барлық процесін цифрландыру аяқталады, бұл есептеулерді тек бұрынғы деректер негізінде ғана емес, сонымен қатар көрсетілген медициналық көмектің нақты көлемін және болжамдарды ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2025 жылдың 1 шілдесінен бері медициналық қызметтердің сапасына мониторинг жасау және ақы төлеу бірыңғай цифрлық контурға біріктірілген. Жаңа модуль төлем құжаттарының санын 9-дан 3-ке дейін қысқартты және 1С бухгалтериямен үздіксіз интеграцияны қамтамасыз етті. Сонымен бірге жүйенің «әлсіз тұстары» да анықталды. Ықтимал тәуекелдер Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында, олар цифрлық құралдарды енгізу арқылы жойылады.

Медициналық ұйымдарда Face ID жүйесі енгізілуде, бұл бүгінде медициналық мекемелер тарапынан тіркеулер санын 7%-ға төмендетуге және бюджет қаражатының шамамен 10,5 млрд теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берді.

Келесі жылы медициналық қызметтерді бөлу үшін рейтингтік бағаны есептеу индикаторларын толық цифрландыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде медициналық көмектің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете алған жеткізушілер қаржыландыру мүмкіндігіне ие болмақ. 2026 жылы медициналық деректердің бірыңғай қоймасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың аяқталуы көрсетілетін медициналық көмекті жоспарлау мен сапасын жақсартуға әсер етеді.

Тегтер: Олжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты