«Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»
Дастан Исламбек, Turaninfo ақпараттық агенттігі, өз сұрақтарын жолдады.
Бірінші сауалы:
— Ұлытауға баруға ұшақ пен теміржол қашан ыңғайлы болады? Жезқазғанға жету үшін Астанадан ұшақ немесе пойыз арқылы баруға болады. Ал Қарағандыдан түсіп, көлікпен сегіз сағат жол жүреміз. Жолға кететін уақытты қысқарту, ұшақтардың кестесін ыңғайлы ету жоспарыңызда бар ма, әлде баяғы «жартас сол жартас» болып қала бере ме?
Рыспеков Дастан Адайұлы
— Қарағандыдан сегіз сағат жүру қазір жоқ, қазіргі жағдайда бес жарым сағатта жетуге болады. Ұшақ бағыттарына келсек, қосымша рейстер қосу жоспарда бар. Бұрынғы «ҚАЗ әуе», қазіргі BRJ компаниясының басшыларымен кездескенмін, кейбір күндері екі ұшақтан ұшатын болады. Жалпы, бізде төрт қалаға ұшақ қатынайды: Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Алматы және Астана.
Қарағандыға ұшақтар күнде ұшады, билет құны — 13 000 теңге. Қазіргі таңда барлық рейстер тұрақты орындалып жатыр, пойыздар да жүреді. Бір емес, екі-үш пойыз қатынайды: Қызылордаға баратын пойыз, Қарағанды—Жезқазған, Астана—Жезқазған бағыттары бар. Сондықтан Ұлытауға жетуде ешқандай қиындық жоқ. Жолдар толық жөнделгеннен кейін одан да жеңіл болады.
Екінші сауалы:
— Жамбыл облысы Сарысу ауданы аумағынан Ұлытау ауданына қатынайтын жол бар. Жамбыл мен Ұлытау облыстарын қосатын жолды жөндеу жоспарда бар ма?
Рыспеков Дастан Адайұлы
— Бұл дала жолы. Жақын арада, яғни таяу күндері ол бағытқа асфальт төсеу қарастырылмайды. Алдымен Қызылорда—Жезқазған жолын толық бітіріп алайық, ары қарай көре жатармыз.







