• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады

Минскіде Қазақстанның сауда экономикалық миссиясы өтіп жатыр.

20.11.2025
0
Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Миссияның басты бағыты Қазақстанның сауда үйін құру жұмыстарын бастау болды. Сауда үйі Беларусь нарығында қазақстандық тауарлардың тұрақты өкілдігіне айналады. Жоба кезең бойынша жүзеге асырылып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Барлық жұмыс кезеңдерін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы QazTrade үйлестіреді.

Алғашқы кезеңде қазақстандық өнімдердің тізімі анықталып, оларды Беларусь елінің бөлшек сауда желілеріне шығару арналары айқындалды. Келесі кезеңдерде өнім ассортиментін кеңейту, серіктестік бағдарламаларды дамыту және офлайн сауда алаңын ашуға дайындық жүргізу жоспарланып отыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл бастаманың Қазақстан тауарларын Беларусь нарығына жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Минскідегі жұмыс сапары аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті Беларусь Республикасының Премьер министрі Александр Турчин қабылдады. Тараптар келіссөз барасында Беларусь Республикасында QazTrade базасында Қазақстанның сауда үйін құру туралы уағдаласты. Сондай-ақ тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, тауар айналымының тұрақты өсімі мен оны одан әрі арттыру әлеуетін атап өтті.

«Біз өзара сауда көлемін арттырудың нақты әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан компаниялары жаңа нарықтарды игеруге дайын. Ұсынылып отырған механизм бұл жұмысты тиімді жүргізуге жол ашады», – деді Арман Шаққалиев.

2025 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 739,5 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға өсті. Қазақстанның Беларусьқа экспорты 183,2 миллион долларды құрап, 55,2 пайызға артты. Беларусьтан Қазақстанға импорт көлемі 556,3 миллион долларды құрап, 11,6 пайызға көбейді.

Өнеркәсіп кооперациясы да ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Қазіргі уақытта жалпы құны 204 миллион доллар болатын 12 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында шамамен 1,7 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Бірлескен кәсіпорындарда тракторлар, астық және мал азығын жинау комбайндары, қозғалтқыштар, өрт сөндіру және коммуналдық техника, лифт жабдықтары, карьер және шахта техникасы құрастырылады. Қазіргі кезде өндірістердің локализация деңгейін арттыру және өнім шығару көлемін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Александр Турчин Қазақстанмен қарым қатынас Беларусь үшін маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасымен қарым қатынасымыз ерекше мәртебеге ие. Екі ел басшыларының күш жігерінің арқасында қалыптасқан бұл қатынастарды біз жоғары бағалаймыз. Барлық мәселелер Үкіметтің ерекше бақылауында», – деді ол.

Миссия аясында бизнес форум мен екіжақты келіссөздер өтті. Компаниялар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. QazTrade және Беларусь әмбебап тауар биржасы биржалық сауда саласында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай ақ QazTrade пен Ұлттық маркетинг орталығы аналитикалық деректер алмасу және тауарларды ілгерілету мәселелері бойынша меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер қазақстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, екі елдің экономикалық байланыстарын одан әрі нығайтады.

Сауда және интеграция министрлігі

Тегтер: БеларусьҚазақстанСауда және интеграция министрлігісауда үйі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты