• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді: азық-түлік қоржынына жан-жақты талдау жүргізілмек

Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

18.11.2025
0
Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді: азық-түлік қоржынына жан-жақты талдау жүргізілмек
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қараша айының алғашқы екі аптасында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы 0,1% өсті.

Бірқатар көкөністің бағасы арзандауда. Мысалы сәбіз 1,7%-ға, орамжапырақ 1,8%-ға, пияз 0,4%-ға арзандады. Дегенмен, картоп бағасы өсіп отыр. Ол соңғы аптада 0,2%-ға, қарашаның алғашқы екі аптасында 2,2%-ға көтерілді. Ел бойынша картоптың орташа бағасы – килограмына 188 теңге.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың мәліметінше, картоп бағасының соңғы 4-5 аптада 4,5%-ға қымбаттауына экспорттың қайта жандануы әсер еткен.

«Екі айда картоп экспорты 300 мың тоннаны құрады. Ал жақын уақытқа жоспарланған экспорттық келісімшарттар көлемі шамамен 200 мың тонна. Осылайша, біз елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін қауіпсіз болып саналатын 500 мың тонналық жоспарлы шекке жақындап келеміз», — деді Айжан Бижанова.

Вице-премьер Сауда және интеграция министрлігіне картоп қорының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету мәселесін Сыртқы саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Қарашаның екі аптасы ішінде тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы да 0,4%-ға өсті. Бұған негізінен жем-шөп пен импорттық құрамдас бөліктердің қымбаттауы себеп болып отыр. 

Айжан Бижанованың айтуынша, күнбағыс майын өндірушілер құс фабрикаларын жем өндірісіне қажетті арзандатылған май көлемімен қамтамасыз еткен. Бағаны ұстап тұру үшін арзандатылған астық та қажет. 

Осыған байланысты Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына қысқа мерзімде құс фабрикаларын резервтен жемдік астықпен қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде қолжетімді құс етінің көлемін арттыруды тапсырды.

Қарақұмық жармасының бағасы қараша айының алғашқы екі аптасында 1,3%-ға қымбаттағандықтан, Азық-түлік корпорациясына бұл өнімнің қосымша көлемін тұрақтандыру қорларына тікелей сатып алып беру арқылы толықтыру міндеті жүктелді.

«Коммуналдық қызмет тарифтерін өсіру уақытша тоқтатылған. Қазіргі таңда инфляцияға ықпал етіп отырған және мемлекеттік шаралармен реттеуге болатын негізгі фактор — азық-түлік тауарлары. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ғана емес, азық-түлік қоржынына кіретін әрі мемлекеттік реттеу аясынан тыс қалған барлық тауарларға да қатысты. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік қоржынының құрамына талдау жүргізіп, бағаны тұрақтандыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс», — деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ тауар айналымы толық қадағалануы қажет. Артық делдалдарды жою, бақылау мен құжат айналымын күшейту — нарықтың ашықтығын арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның қолжетімді деңгейде сақталуына ықпал етеді.

@KZgovernment

Тегтер: Азық-түлік бағасыҚР ҮкіметіСерік ЖұманғаринҰлттық экономика министрлігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты