Цифрлық қаржы активтерінің үш түрі енгізіледі: – ақша талап ету құқығын куәландыратын цифрлы активтер (стейблкоиндар); – негізгі активпен қамтамасыз етілген цифрлы қаржы активтері; – цифрлы түрде шығарылған қаржы құралдары. Сондай-ақ заң жобасы инновацияны қолдауға және қаржылық технологияны дамытуға жол ашады. Атап айтқанда, ол банктерге цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік, биометрия, жасанды интеллект және телекоммуникация салаларында жұмыс істейтін жаңа қаржылық технология компанияларына инвестиция салуға мүмкіндік береді.
Мәжілістің баспасөз қызметі







