• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою

03.11.2025
0
Қазақстанда 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Еліміздің өңірлерінде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 157 мың оқушы орнына арналған 105 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 135 мың оқушы орнына арналған 71 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Аталған ұлттық жоба аясында жалпы 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде бой көтеруде. Жаңа форматтағы мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді: олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төртке дейін спорт залы қарастырылған.

Сонымен қатар шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп жаңғыртылуда. Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары, жиһаздар жаңарту, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жаңғырту қарастырылған. Бұл өз кезегінде еліміздің барлық өңірлерінде балаларға жайлы және қауіпсіз білім алу жағдайын қамтамасыз етеді.

Келесі кезеңде мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Президенттің тапсырмасына сәйкес мектептерді реновациялаудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылып, терезелер ауыстырылуда, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізу, аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылуда

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты