• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Аида Балаева мәдениет және медиа саласының үздіктерін марапаттады

Астанада Республика күніне орай мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті

24.10.2025
0
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының үздіктерін марапаттады
102
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.

 

Іс-шара барысында министр ел үшін айтулы мерекелердің бірі – Республика күнімен құттықтады. Биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толды. Министр бұл тарихи құжат Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, ел еркіндігінің бастауы болған асыл арманның айғағы екенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.  Олардың қатарында халықпен ете жұмыс істеп жүрген қарапайым еңбек адамдары да бар. Бұл марапат сіздердің көпжылдық еселі еңбектеріңіздің лайықты бағалануы деп білемін. Өйткені біріңіз ақпарат айдынында аянбай еңбек етіп, халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрсеңіздер, ал енді біреулеріңіз өнер саласы арқылы еліміздің рухын көтеріп, мәдени мұраларымызды жаңғыртуда зор еңбек етіп келесіздер», — деді Аида Балаева.

Марапат иелерінің қатарында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы, Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының және басқа да мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бар.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі, «Qazaqstan» телеарнасы, республикалық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің, Ұлттық академиялық кітапхана және басқа да ұйымдардың қызметкерлері елеусіз қалмады.

Салтанатты рәсімнің соңында еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Тегтер: Аида Балаева

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты