• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есе артты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі шығармашылық ұйымдарды дамыту, қолдау, инфрақұрылымды жаңарту және мәртебесін нығайту бағытында жүйелі қызмет атқаруда. Соңғы жылдары мәдениеттің рөлін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды

23.10.2025
0
Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есе артты
66
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекеттік қолдау және шығармашылық ұжымдарды ынталандыру мақсатында соңғы бес жылда мәдени ұйымдардың мәртебесін көтеруге маңызды қадам жасалды. 2020 жылы бес республикалық мекемеге «Ұлттық» мәртебесі берілсе, 2023 жылы Ақтөбе және Түркістан облыстарының 34 өнерлік ұжымдары «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие болды. 2024 жылы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ҚР Орталық мемлекеттік музейіне «Ұлттық» мәртебесі берілді.

 

Сондай-ақ Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Академиялық» атаққа ие болды.

2023 жылы соңғы 30 жылда алғаш рет республикалық бюджеттен мемлекеттік концерттік және оқу орындарына музыкалық аспаптар сатып алуға 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл шара жас музыканттардың кәсіби дамуына және дарынды орындаушыларды қолдауға мүмкіндік берді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттауға ерекше мән берілуде. 2024 жылы музейлердің шетелдік көрмелерін мемлекеттік субсидиялау мен мәдени құндылықтарды шетелге шығару тәртібін реттейтін «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЮНЕСКО-ға ұсыну үшін «Жібек жолы: Ферғана–Сырдария дәлізі» және «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациялық досьелері дайындалды.

ҚР Ұлттық музейінде ашылған Палеонтология залы мен Қолөнершілер орталығы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 2023 жылы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музейі жанынан жаңа визит-орталық ашылды. 2024 жылы Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу орталығы құрылып, «Ордабасы» мен «Гаухар-Ана» визит-орталықтарының құрылысы аяқталды.

Мәдени инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдан бері үш жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Түркістан музыкалық драма театры және Солтүстік Қазақстан облысындағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры.

2020 жылы Құддұс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы демеушілік қаражат есебінен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратына жөндеу жұмыстары жасалды. Былтыр Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратын, биыл Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты