• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент тапсырмасымен Қарағанды облысында су және коммуналдық жобалар іске асуда

Қарағанды облысында қайтарылған активтерден түскен қаражат сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды. Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

23.10.2025
0
Президент тапсырмасымен Қарағанды облысында су және коммуналдық жобалар іске асуда
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тоғыз жоба жүзеге асырылуда.  Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі су құбырлары мен елді мекендер ішіндегі су құбыры желілерінің құрылысы басты назарда тұр. Солардың бірі – биыл мамыр айында құбыр тарту жұмыстары басталған Осакаров ауданындағы Колхозное ауылы. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталуға тиіс. Желілер пайдалануға берілгеннен кейін 400 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Бізде 20 жылдан астам уақыттан бері су құбыры болған жоқ. Суды ұңғымадан тасимыз. Енді міне, биыл бізге жаңа су құбырын салып жатыр. Бұл тұрмысымызды едәуір жеңілдетпек», 

— деді ауыл тұрғыны Ольга Сандалиди.

Сондай-ақ облыс орталығында сумен жабдықтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қайтарылған қаражаттың арқасында қаладағы маңызды инфрақұрылымдық мәселелер шешімін табуда.

Ірі жобалардың бірі – Терешкова айналымынан екінші аймақтағы (Шығыс-5 ауданында) сорғы стансасына дейінгі су тарту желісінің құрылысы. Желілерінің ұзындығы – 7 шақырым. Жаңа нысан Майқұдық, Жаңа қала және Михайловкадағы 200 мыңнан астам тұрғынды тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз етпек.

Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Жаңа Тихоновка мен Ескі Тихоновкада су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа Тихоновкада ұзындығы 20 шақырымнан асатын жаңа су құбыры желілері тартылуда. Бұл 4 мыңға жуық тұрғынды орталықтандырылған су жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Ескі Тихоновкада 4 шақырымнан астам желі тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр – нәтижесінде 146 үйге су тартылады.

Қазан айының соңына дейін барлық бағыт бойынша құрылыс және монтаж жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған. Қараша айында желілерге гидравликалық сынақ жасалып, залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Осыдан кейін тұрғындар техникалық шарттарды алып, су жүйесіне қосыла алады.

Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін қарағандылықтар 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен су құбыры желілері салынып жатқан басқа да елді мекендер қатарында Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылы, Теміртау қаласындағы Соцқалашық, Оң жағалау, Сол жағалау және Ескі қала аудандары, Абай ауданының Садовое ауылы, сондай-ақ Көктеңкөл стансасы (№56 разъезд) және Шет ауданындағы Әлихан ауылы бар. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

 

Тегтер: Қарағанды облысы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты