• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның дамуына серпін беретін стратегиялық ресурс әрі басты қозғаушы күш – жастар

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырып келеді

21.10.2025
0
Қазақстанның дамуына серпін беретін стратегиялық ресурс әрі басты қозғаушы күш – жастар
35
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, жас ұрпақ – Қазақстанды жаңғыртудың басты қозғаушы күші әрі Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалардың белсенді қатысушысы болуы тиіс.
Бүгінде еліміздегі жастар саны республика халқының шамамен үштен бірін құрайды – 5 817 339 адам.

Осыған байланысты мемлекеттің негізгі міндеті – жастардың білім алуына, еңбекке араласуына, кәсіпкерлікпен айналысуына, шығармашылық әлеуетін дамытуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қажетті жағдай жасау.

Талантты жастарды қолдаудың маңызды тетігі ретінде Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты енгізілді. Бұл грантқа 123 жас қазақстандық ие болды, жалпы қаржы көлемі 369 миллион теңгені құрады.

Аталған бастама өңірлер тарапынан да қолдау тауып, 2024 жылы 308 миллион теңге сомасына 216 өңірлік грант берілді. Қаражат бизнес, мәдениет, спорт, ақпараттық технологиялар, волонтерлік және ғылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

2022 жылы сайлау партиялық тізімдерінде және депутаттық мандаттарды бөлу барысында әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға арналған 30 пайыздық квота енгізілді.
2023 жылы Қазақстанда жастар жасына қатысты шекті межелер ресми түрде қайта қаралып, 14-тен 35 жасқа дейінгі аралық ретінде белгіленді. Осы өзгеріс жастарға мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктеріне кеңірек қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жастар саясаты саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының Мемлекет басшысы тарапынан бекітілуі болды. Бұл құжат – жастармен жұмыстың стратегиялық басымдықтары мен жаңа тәсілдерін айқындаған жүйелі бағдарлама.

Тұжырымдаманың басты қағидасы – «жастар үшін емес, жастармен бірге». Яғни, жастар енді мемлекеттің қамқорлық нысаны ғана емес, шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысатын серіктеске айналды. Олар өзекті мәселелерді белгілеп, басымдықтарды айқындап, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға тікелей атсалысады.

Бұл тәсілдің тиімділігін Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен Президенттік жастар кадрлық резерві дәлелдеп отыр. Аталған бастамалар жас басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта резервке алынған қатысушылардың 80 пайызы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жемісті еңбек етуде.

Бүгінде өңірлер бұл тәжірибені белсенді түрде енгізіп жатыр. Облыстарда жастар кеңестері құрылып, кейбір аймақтарда жергілікті жастар кадрлық резервтері жасақталды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау да жастар саясатының басым бағыттары. Соңғы үш жылда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде жас кәсіпкерлердің саны 12,1%-ға артты.

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты