Оның айтуынша, кеңес кезінен келе жатқан мыс кабельдерін түгелдей шыны-талшықты желіге ауыстыру мақсатындағы «Тазарту» жобасы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар аясында 340 мың абонент жаңа желіге көшірілді.
«Одан басқа «Сапа+» жобасы аясында биыл тұрғын үйлер мен пәтерлерде 360 мың роутер жаңартылып, заманауи жылдамдығы жоғары интернетке қолжеткізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ елімізде бұрын болмаған үш мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу «Ауылline» жобасы аясында басталып кетті. Ол ЖИ министрлігінің көмегімен жүзеге асуда. 1,5 жылдың ішінде 500-ден астам жерде Amazon, StarLink сияқты жер серіктестері арқылы интернетке қосылатын болса, 2500 ауылға дейін шыны-талқышты желі тартылмақ. Жоба аясында 5 мыңнан астам мектеп, денсаулық сақтау нысандары және мемлекеттік мекемелер желіге қосылады. Ал ең бастысы 1 млн-нан астам ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек», — деді Бағдат Мусин.
@KZgovernment







