• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың Ресейге және басқа елдерге кіру тәртібі жаңарды

Қазақстан азаматтарының Мысыр, Латвия, Мексика және Ресейге кіруінің жаңартылған шарттары жарияланды

10.10.2025
0
Қазақстандықтардың Ресейге және басқа елдерге кіру тәртібі жаңарды
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Латвияға кірудің жаңа тәртібі күшіне енді. Латвияда тұруға ықтиярхаты немесе ұлттық визасы жоқ Қазақстан азаматтары Латвияға келуден кемінде 48 сағат бұрын eta.gov.lvпорталы арқылы өтініш беруге міндетті.

Өтініште сапардың мақсаты, мерзімі, бағыты, байланыс деректері, сондай-ақ, өтініш беруші мен оның жақын туыстарының мемлекеттік немесе күштік құрылымдарда қызмет атқарғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Ақпарат берілмеген немесе жалған мәлімет ұсынылған жағдайда 2 000 еуроға дейін айыппұл салынады. Дипломаттар мен дипломатиялық өкілдіктерге қысқа мерзімді қызметтік сапармен баратын тұлғалар бұл ережеден босатылады. Мәлімет жіберілгеннен кейін жүйе растау туралы ақпаратты электрон поштаға жолдайды.

Мысыр Араб Республикасы

Мысыр Араб Республикасының Астанадағы елшілігінің ресми ақпаратына сәйкес 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына қатысты визалық режимге енгізілген жаңа талаптар күшіне енді:

  • 21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының біреуі (әкесі немесе анасы) болмаса, Мысыр аумағына кіре алмайды;
  • 21 жасқа толған азаматтар Мысырға туристік сапармен барғанда сапар тек Шарм аш-Шейх аймағымен шектеліп, 15 күннен аспайтын болса, визаны Шарм аш-Шейх халықаралық әуежайында рәсімдей алады;
  • Каир, Хургада немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар сапар алдында Қазақстандағы Мысыр елшілігінен виза алуға тиіс.

Мексика

Қазақстан азаматтарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония немесе Шенген аймағына мүше елдердің жарамды көп мәртелік визасы болса, олар Мексикаға мексикалық визасыз кіре алады.

Бұл жағдайда туризм, транзит немесе табыс әкелмейтін іскерлік сапарлар мақсатында елге 180 күнге дейін кіруге рұқсат беріледі. Виза сапардың барлық мерзімінде жарамды болуға тиіс.

Егер мұндай визалар болмаса, азаматтар мексикалық визаны алдын ала консулдықтан алуы қажет.

Ресей Федерациясы

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Ресей Федерациясына кіру және шығу ережелері мен шарттарын сынақтан өткізу жөніндегі тәжірибе енгізіліп жатыр.

Тәжірибе екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең 2024 жылғы желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Мәскеу әуежайларында (Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский), сондай-ақ, Орынбор облысындағы «Маштаково» көлік өткізу пунктінде өткізіледі. Бұл кезеңде шетелдік азаматтардың биометриялық деректері жиналады.

Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Ресей Федерациясының барлық өткізу пункінде қолданылады. Визасыз режиммен кіретін шетелдік азаматтар сапарға шығудан кемінде 72 сағат бұрын (шұғыл жағдайларда 4 сағат бұрын) ruID қосымшасы арқылы кіру және елде болу мақсатын көрсетуге тиіс.

Қазір ruID қосымшасы арқылы ақпарат жолдау — әркімнің өз қалауы. ҚР азаматтары өтініш бермей-ақ Ресейге кіре алады

Тегтер: жаңалықтар

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты