Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске көмірсутек және уран секторында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Депутаттар бастамашы болған заң жобасы көмірсутекті барлау мен өндіруге инвестиция тартуға, сондай-ақ уран өнеркәсібінде мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған.
Атап айтқанда, ұлттық уран компаниясына уран өндіру операцияларын жүргізуге айрықша құқықтар беру, уранның пайдалы қазбалары мен кен орындарын барлау үшін аумақтарды резервте ұстау мүмкіндігін беру жоспарланып отыр.
Мәжіліс







