Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Н.Тілендиев атындағы көп балалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп – интернатта оқушылармен орын алған жағдай орын алған жағдай бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді.
Видеодағы кадрларда мектепте болған жағдай видеоға түсіп қалған. Ондп оқушы қызды сүйреп жүрген бір топ баланы көруге болады.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың 5 сәуірі күні орын алған оқиға бойынша мектеп-интернаттың жауапты мамандарына тәртіптік жазалар қолданылған.
— Орын алған оқиғаны құзырлы органдарға хабарламағаны үшін мектеп-интернат директорына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп-интернат директорына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы ұсыным жолданды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаға құқықтық баға беріп жатыр, — делінген хабарламада.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы







