Мемлекет басшысының Жолдауы қарсаңында Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысына қатысты. Премьер-министр депутаттарға Президенттің 2019-2024 жылдардағы Жолдауларының және сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабарлады.
Олжас Бектенов тарифтік реформаны жалғастыру қажеттігін атап өтті. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Премьер-министр шығындарды оңтайландыру туралы: Үкімет басым емес шығындарды азайту бойынша жұмысты жалғастыруда. 2025 жылға арналған бюджет жобасын қалыптастыру кезінде 8 трлн теңгеден астам сомаға басым емес шығыстар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері алынып тасталды. Әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру және тіркеуге қарсы күрес 290 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.
Премьер-министр Олжас Бектенов «Эгмонт» тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ активтерді қайтару және қаржылық барлаудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
***
Мұнай-газ саласының қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Премьер-министрдің орынбасарлары
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚР Президентінің Қытайға ресми сапары барысында Стратегиялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылау үшін China Development Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Хуанмен кездесті. Сондай-ақ, Шығыс экономикалық форумы аясында ол «Газпром» ЖАҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті, онда газ саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тежеу бойынша кеңес өтті. Ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін ведомствоаралық комиссияның шешімімен сиыр етінің экспортына квоталар енгізілді. Ведомствоаралық комиссияның басқа отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар Серік Жұманғарин Astana Finance Days VIII форумының ашылуында сөз сөйлеп, АҚШ Сауда палатасы мен ірі американдық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Германия туристік қауымдастығының (DRV) делегациясымен туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша, сондай-ақ Швейцария елшісі Салман Балмен білім мен ғылымды қоса алғанда, әлеуметтік саладағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау үшін кездесулер өткізді.






