• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

114 елден келген делегат Астанада өткен IFLA Әлемдік кітапхана конгресіне қатысты

«Білімді біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбындағы IFLA Әлемдік кітапхана және ақпарат конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтті.

25.08.2025
0
114 елден келген делегат Астанада өткен IFLA Әлемдік кітапхана конгресіне қатысты
226
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Кітапхана ісіндегі ең ірі халықаралық шараны өткізу құқығы Kazakh Tourism әзірлеген өтінім негізінде, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Astana Tourism және ЖОО кітапханалары қауымдастығының қолдауымен берілді.

IFLA (International Federation of Library Associations) – кітапхана саласындағы ең ірі халықаралық ұйым, ол озық тәжірибені зерделеп, жаһандық стандарттар әзірлейді және кәсіби қауымдастықтарды дамытады.

Конгреске ұлттық кітапханалардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, академиялық және ғылыми ортадан келген мамандарды қоса алғанда, 114 елден шамамен 1700 делегат қатысты. Ең ірі делегациялар қатарында АҚШ, Қытай, Корея Республикасы және Германия болды. Барлық қатысушылардың төрттен бір бөлігіне жуығы Еуропа елдерінен келді.

Конгресс аясында әлемнің әртүрлі елінен 29 компания қатысқан халықаралық көрме өтті. Қатысушылар арасында ISSN Халықаралық орталығы, Американдық кітапхана қауымдастығы, Король Абдулазиз атындағы Қоғамдық кітапхана, Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум кітапханасы қоры, сондай-ақ Taylor & Francis, Springer-Verlag сынды жетекші ұйымдар мен баспалар бар.

«IFLA алғаш рет Конгресті Орталық Азияда өткізіп отыр, биыл бізде бұл шараға алғаш рет келген делегаттардың үлесі ең жоғары болды. Біз бұл Конгресті кітапхана-ақпараттық қызметтердің тұрақты дамуының ұлттық стратегиясын әзірлеуге, кәсіби дамуға жағдай жасауға және қазақстандық кітапханалардың жаһандық кәсіби желіге одан әрі ықпалдасуына түрткі болатын маңызды алаң ретінде қарастырамыз», – деді IFLA президенті Вики Макдональд.

Төрт күн бойы Конгресс алаңында кітапхана саласындағы заманауи үрдістер, цифрлық инновациялар және тұрақты даму мәселелері талқыланды. Бағдарламада жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрлық кітапханалар, инклюзия және қорларды сақтау тақырыптарына арналған 86 сессия мен 15 қосымша іс-шара өтті. Конгресс кітапхана және баспа ісіндегі инновациялық шешімдерді ұсынып қана қоймай, ақпарат пен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты да нығайтты.

Туризм және спорт министрлігі

Тегтер: КітапханашыКонгресстуризм және спорт министрлігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты