• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар жаппай лицензиялануда

Жамбыл облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау қарқынды түрде жүріп жатыр.

turan_admin turan_admin
18.08.2025, 18:19
Қазақстан жаңалықтары
Жамбыл облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар жаппай лицензиялануда
59
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінгі күні аймақта 38 ұйым ресми түрде лицензия алып үлгерген. Оның ішінде 26-сы – мемлекеттік мекемелер, ал 12-сі – үкіметтік емес ұйымдар. Жалпы алғанда бұл ұйымдардың қызметін 4317 адам пайдаланып отыр. Лицензияланған құрылымдардың ішінде 7-еуі толық стационарлық қызмет көрсетсе, 15-і – жартылай стационарлық үлгіде жұмыс істейді. Ал 4-еуі уақытша болу түрінде қызмет ұсынса, 14 ұйым әлеуметтік көмек пен қолдауды үй жағдайында көрсетіп келеді.

Бұл деректер облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз жиынында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша департамент басшысы Аслан Оразбековтың баяндамасында жария етілді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау рәсімі енгізілген болатын. Мұндағы басты мақсат – көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру, мүгедектігі бар азаматтарды тиімді оңалтуға жағдай жасау және осы саладағы заңбұзушылықтарды азайту.

– Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиясыз көрсету заң бойынша қатаң тыйым салынған. Лицензиялаудың тағы бір артықшылығы – қызмет жан басына шаққандағы тариф бойынша қаржыландырылады. Демек, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы енді бұрынғыдай белгіленген айлық емес, нақты көрсеткен қызметінің көлеміне байланысты есептелетін болады, – деді Аслан Ұланұлы.

Лицензия алу үшін ұйымдар бірқатар талаптарға сай болуы тиіс: ғимарат санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келуі қажет; жеткілікті материалдық-техникалық база мен білікті мамандар құрамы болуы шарт; сондай-ақ қозғалысы шектеулі жандарға ғимарат қолжетімді етілуі керек. Өтініш беру үдерісі толықтай цифрландырылған. Барлық құжаттар «Әлеуметтік қызметтер порталы» (aleumet.egov.kz) арқылы рәсімделеді.

Қолданыстағы стандарттарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрі қарастырылған: стационарлық жағдайдағы қызмет, жартылай стационарлық үлгі, уақытша болу және үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек.

Аймақта лицензия алып, белсенді қызмет көрсетіп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың қатарында «Мүгедектігі бар жастар қоғамы», «Сезім мүгедектер қоғамы», «Жамбыл облысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Элай-Құлан», «Амина» қоғамдық бірлестіктері мен Жуалы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы бар.

– Облысымызда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеміз деуші жаңа ұйымдарға айтарымыз – ең алдымен штат құрамы толық болуы, ғимарат талаптарға сай келуі, қажетті құрал-жабдықтар мен медициналық лицензиялар қамтамасыз етілуі тиіс, – деп атап өтті Аслан Оразбеков.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік  ақпараттық  тапсырыс негізінде жарияланды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.