Астана полициясы оқиға 18 тамызда түндде болғанын мәлімдеді.
«Skoda маркалы көлік жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесі бағытына қарай Сарайшық көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескермей, жөндеу жұмыстарын істеп жатқан екі жұмысшыны қағып өтті. Жол апаты салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жатқызылды», – деді департамент өкілдері.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.







