• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Балаева Таразға не үшін келді?

14.08.2025
0
Балаева Таразға не үшін келді?
161
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.

Жиында баяндама жасаған Балаева салада атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Алдымен ақпарат саласындағы өзгерістерді атап өткен Аида Балаева елімізде 4900-ден аса бұқаралық ақпарат құралдары бар екенін айтты.

Сонымен қатар «Масс-медиа» заңындағы ерекшеліктер мен әлеуметтік желідегі жарнамалар бойынша блогерлердің қызметі заңмен реттелгенін түсіндірді. Осы ретте министр ғаламторда жалған ақпарат тарататындар көбейгенін, соның салдарынан 200 мыңға жуық дерек анықталғанын жеткізіп, сенімді дереккөздерге иек артуға шақырды.

Министрліктен келген жауапты мамандар: Сұлтан Темірлан мен Елемес Арман
Министрліктен келген жауапты мамандар: Сұлтан Темірлан мен Елемес Арман

 – Өздеріңіз білесіздер, заман дамыған сайын әлеуметтік желіде арандатушылар мен жалған ақпараттар тарататындар азаяр емес. Өзгенің тіліне, дініне тиісетіндерді де көріп жүрміз. Бұл бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда. Әр адам ел бірлігін сақтауға мүдделі болуы керек, –  деді Аида Балаева.

Бұдан соң Аида Ғалымқызы мәдениет саласында қолға алынған жұмыстар мен жаңашылдықтарды атап өтті. Министрлік ұстанған басым бағыт – қызметтерді цифрландыру. Бұл бойынша E-muzeum веб-порталы іске қосылып, мемлекеттік музей қорының 65 мыңнан астам экспонаты мен 275 жәдігері туралы ақпарат көпшілікке қолжетімді болып отыр. Сонымен қатар «Е-архив» жүйесі арқылы 2 миллионнан астам құжат цифрлық форматқа көшірілген.

Мұнан кейін Аида Балаева Айша бибі, Қарахан кесенелерінде көрсетілетін қызметтерді толық цифрландыру жұмыстары басталғанын айтты. Өйткені, мұнда келушілер саны жылдан жылға артып жатыр. Тиісінше түсетін табыс көлемі де еселенген. Соңғы уақытта киелі орынға зиярат етушілерден түсетін қаржы үш есе көбейген.

– Нысандарға кіру үшін билет сатылады. Ол қаржыны біреу жәшікке, біреу қалтасына салады. Талан-таражға кетіп жатқаны анық. Осы жартыжылдықтың ішінде бұл мекеменің басшылығын ауыстырып, жеке қадағалауымызға алдық. Мысалы, бұрын кесенелерден түсетін табыс миллион теңге болса, қазір үш миллион теңгеге жетті. Сол үшін біз цифрландыру арқылы қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етеміз. Бұл инфроқұрылымды жетілдіру мен жұмысшылардың жағдайын жақсарту үшін маңызды, – деді министр.

Басқосуда А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына академиялық статус беру мәселесі де қозғалды. Ведомство басшысы бұл бойынша нақты шешімді республикалық комиссия қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, еліміз бойынша ҮЕҰ саны 2,5 есе артса, волонтерлік ұйымдардың саны 3 есе өскен.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар министрге мәдениет ошағын салу, әдеби кітаптар шығару, қолөнершілерді қолдау сынды көкейде жүрген сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу барысында министр жергілікті жұртшылықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Одан бөлек, Аида Балаева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, БАҚ өкілдерімен кездесті.

 

Тегтер: Аида Балаева

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты