• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту барысымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын тексерді.

14.08.2025
0
Олжас Бектенов Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту барысымен танысты
30
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Олжас Бектенов Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарадағы «Қордай» және «Қарасу» автокөлік өткізу бекеттерінде болып, өткізу пункттерінің инфрақұрылымымен, проблемаларымен және одан әрі дамыту жоспарларымен танысты

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Ұлан Абиков өткізу бекеттеріндегі жағдай туралы баяндады. Одан бөлек, Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс бабындағы тексерулердің қорытындысы туралы есептер тыңдалды.

ЕАЭО елдерімен шекарада 39 автокөлік өткізу пункті орналасқан. Олардың екеуінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңғырту он пунктте, оның ішінде Қазақстан–Ресей шекарасында басталды. Реконструкциялау жұмыстарымен басқа да өткізу пункттері қамтылады.

«Қордай» АӨБ-те бұған дейін жүргізілген реконструкция нәтижесінде қозғалыс жолақтарының саны 4 тен 8-ге, төлқұжаттық қадағалау кабиналарының саны 20-дан 40-қа дейін артты. Өткізу қабілеті жолаушылар ағыны бойынша 4 есеге, автокөлік бойынша 2,7 есеге өсті.

«Қарасу» пункті бойынша жаңғырту жұмыстары басталды, бұл өткізу қабілетін тәулігіне 700-ден 2 мыңнан астам көлік құралына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүк ағыны мен көлік қозғалысын жақсарту үшін де жағдайлар жасалмақ. Жоба шекараның өткізу инфрақұрылымын қазіргі заманғы талаптарға сай ұлғайтуға бағытталған.

Премьер-министр шекара нысандары трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын және халықаралық автомобиль және жолаушылар қатынасын қамтамасыз ететінін атап өтті. Оларға реконструкция жүргізу Мемлекет басшысының бақылауында тұр.

Олжас Бектенов жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ рәсімдеу жұмыстарын жеделдету бойынша цифрлық технологияларды енгізуді жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жайлылықты арттыру мақсатында жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Сапар барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрамында тауарларды сақтау, өңдеу, шоғырландыру және өткізудің негізгі орталығына айналатын индустриялық-сауда-логистикалық кешен салу жобасын жүзеге асыру туралы баяндалды.

Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының мерзімі созылып кетуіне байланысты сын айтып, қысқа мерзімде тиісті шаралар қабылдауды және жұмыс сапасы мен қарқынын қадағалауды күшейтуді тапсырды.

Тегтер: Олжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты