Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады.
«Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.







