• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда дәрі-дәрмек айналымына бақылау күшейтілді

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді

06.08.2025
0
Қазақстанда дәрі-дәрмек айналымына бақылау күшейтілді
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек айналымына бақылауды күшейту және саланың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту бойынша бірқатар шара қабылдады.

Аталған бағыттардағы кемшіліктер 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы мамырда жүргізілген аудиттердің нәтижесінде анықталды.

Нәтижесінде 2025 жылғы 1 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды республика аумағына әкелу рәсімдерінің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда:

тіркелмеген дәрілік заттар мен бұйымдарды әкелуге рұқсат беретін құжатқа серия (партия) нөмірі туралы мәлімет енгізілді;

қызмет көрсетуші тарапынан ұсынылған құжаттардың растығын тексеру міндеті енгізіліп, оларды қарау мерзімі ұзартылды.

Сонымен қатар аудит барысында тіркелмеген дәрі-дәрмек пен медбұйымдарды әкелуге рұқсат алған жеткізушілер жеткізу орны мен әкелу күні туралы ақпарат бермейтіні анықталды. Бұл үшін заңнамада жауапкершілік көзделмеген.

2025 жылғы 1 шілдеде денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен осыған байланысты тиісті өзгерістер енгізілді. Енді рұқсат алушылар оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 15 күнтізбелік күн бұрын уәкілетті органға рұқсаттың орындалуы туралы хабарлауға міндетті.

Сондай-ақ бұл талаптарды бұзғаны үшін ӘҚБтК аясында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Медицина ғылымын дамытуға да ерекше назар аударылды. Аудит нәтижесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) нақты құрамы бекітілмегені және оның Ережесі талаптарға сай келмейтіні анықталды. Бұл министрліктің саланың маңызды ғылыми-техникалық мәселелері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау мүмкіндігін шектеген.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін министрлік мынадай шаралар қабылдады:

ҒТК құрамына 41 адам бекітілді, мүшелерінің біліктілігі мен ғылыми дәрежесінің болуына қойылатын талаптар ескерілді;

ҒТК туралы ереже ғылым саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес өзектендірілді.

Дәрі-дәрмек айналымын бақылауды күшейту және ғылыми-техникалық базаны дамыту бойынша қабылданған шаралар денсаулық сақтау жүйесін анағұрлым сенімді және тиімді етуге бағытталған. Аудит нәтижелері бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

@auditpalatasy

Тегтер: бақылаудәрі-дәрмекжоғары аудиторлық палатаМедициналық бұйым

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты