• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник шенімен отставкаға шыққан, Шекара қызметінің Құрметті ардагері Николай Александрович Таратунин 103 жасында дүниеден озды

28.07.2025
0
Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

Фото: tengrinews.kz

6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«103 жасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, отставкадағы полковник, Шекара қызметінің құрметті ардагері – Николай Александрович Таратунин мәңгілік сапарға аттанды. Бұл – бәріміз үшін орны толмас қайғы. Оның ерлікке толы өмір жолы – Отанға деген адалдық пен батырлықтың жарқын үлгісі», – делінген хабарламада.

Николай Таратунинмен қоштасу рәсімі 29 шілде күні сағат 11:00-де Жансүгіров көшесі, 351-үй мекенжайында өтеді. Марқұм Боралдай зиратына жерленеді.

Николай Александрович 1923 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген. 1941 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң, екі ағасы мен әпкесінің ізінен майданға өз еркімен аттанады. Өкінішке қарай, олардың ешқайсысы соғыстан оралмаған.

Ол Батыс, Сталинград және Екінші Украин майдандарында шайқасты. Барлаушы ретінде жау тылында аса қауіпті тапсырмаларды орындап, құнды мәліметтер мен тұтқынға түскен офицерлерді әкелген. Осындай бір операция кезінде немістердің азық-түлік тиеген жүк көлігін басып алып, өз бөлімшесіне жеткізген.

1943 жылы Дон өзенінен өту кезінде үш жерінен жараланып, аяғы мен қолы жарақат алған Николай Александрович өлді деп танылып, тіпті «өлім бөлмесіне» жатқызылған. Алайда, келесі күні жерлеуге дайындалып жатқанда көзін ашқан. Дәрігер оның тірі екенін көріп:

«Сен неткен өміршең едің, балам! Мен сені аяққа тұрғызамын!» – деген екен. Бұл дерек бұрын Алматы гарнизоны тарапынан айтылған.

Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Бейбіт уақытта Қазақстанның Құрметті азаматы атанып, Жеңістің 70 жылдығына орай «Құрмет» орденімен марапатталған. Соғыстан кейін Николай Александрович Алматы жаяу әскер училищесін бітіріп, бүкіл өмірін шекара қызметіне арнаған. Ол Түркия, Иран, Қытай және Жапониямен шекара бойында ел шекарасын күзеткен.

Тегтер: Николай ТаратунинҰлы Отан соғысы ардагер
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Тікұшақ апаты: Сорбұлақ аймағында іздестіру операциясы жалғасуда

Тікұшақ апаты: Сорбұлақ аймағында іздестіру операциясы жалғасуда

28.07.2025
28 шілде – 3 тамыз аралығында өтетін жарыстар кестесі жарияланды

28 шілде – 3 тамыз аралығында өтетін жарыстар кестесі жарияланды

28.07.2025
Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды

28.07.2025
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

28.07.2025
Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

28.07.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

28.07.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

28.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский