Соның ішінде, Өнеркәсіп министрлігіне ірі тау-кен кәсіпорындарымен бірлесіп, жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Бұл ретте жүйетүзуші кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруды ынталандыратын іс-шараларды ескеру қажет.
«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аса маңызды және сирек металдар негізінде технологиялық тұрғыдан инновациялық өнім өндірісін дамыту қажет. Жобалар қосылған құны жоғары өнімдер жасауға бағытталуы қажет. Бұл технологиялық күрделі өндірістерді дамыту үшін қажетті құзыреттерді күшейтіп, өсу әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ екінші қайтара өңдеу мәселелеріне бөлек назар аударылды. Тұйық циклды экономиканы құру үшін металдар мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу шараларын әзірлеу тапсырылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде сала мамандарын даярлау бағдарламасын дайындау міндеті қойылды.
Сондай-ақ Премьер-министр ғылымды өндіріске қажетті жаңа технологияларды әзірлеп, енгізуге белсенді түрде тарту керектігін атап өтті.







