Мұхтар Жақсылықұлы – өзінің шығармашылығы мен азаматтық ұстанымымен ел есінде қалған тұлға еді. Ол қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосып, талай мазмұнды бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы атанды. Әсіресе, «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы арқылы елдегі маңызды оқиғаларға терең талдау жасап, көрерменнің құрметіне бөленді.
Сондай-ақ, тарихи-патриоттық деректі фильмдері жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух дарытып, ел тарихын ұмытпауға үндеді.
Ардақты азаматтың адамдық болмысы, кәсіби біліктілігі – кейінгі буын қалам ұстаған жастарға әрдайым үлгі болып қала бермек.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!







