Мамбетов Асқар Әбдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлұлы көшесі, 18а мекенжайындағы орталық мешіттен шыққан Куәгерлер кейін оны аялдамада көрген, ол Алматыға бағыт алған №54 автобусқа отырған. Содан бері оның қайда екені белгісіз
Белгілері: бойы 165–170 см, арық денелі, көзі қара.
Киімі: қара түсті трико, қара футболка, қара сланцы және қара кепка.
Сондай-ақ, ер адамның бағыт-бағдардан адасатыны, психикалық ауруға шалдыққаны хабарланды.







