Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 2016 жылы облыста мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Білім беру жүйесіне 2016 жылы 92,0 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы -75,5 млрд теңге).
Нәтижесінде, облыстың білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы артып, білім деңгейінің өсуіне қол жеткізді.
Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі күні 294 балабақша мен 154 шағын орталықта 47389 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 56,9 %-ды (респ. – 56,3%), 3-6 жас аралығында — 80,2 %-ды құрап отыр (респ. – 85,8%).
2016 жылы 36 балабақша, 1 шағын орталық ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 1-6 жас аралығында 3,6%-ға, 3-6 жас аралығында — 5,2%-ға артқан (2015 жылы 425 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 45399 бала тәрбиеленді).
2016 жылы 5 балабақша жаңадан салынып, пайдалануға берілді.
2016 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде ашылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 29-ға өсіп, бүгінгі күні 67 (65 балабақша,
2 шағын орталық) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6030 (12,7%) бала тәрбиеленуде (2015 жылы — 38 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3513 бала).
Облыс оқушылары республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша
5-ші жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша 4-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанып, І-ші орындарды иеленді. Дүниежүзілік, Халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда 68 медальды иемденді (2015 жыл – 56 медаль).
Облыс әкімі атынан «Орта білім беретін үздік ұйым» болып танылған облыстық Үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепке 18,3 млн. теңге көлемінде грант берілді.
2016 жылы білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 158,5 млн. теңге бөлінді (жаңа модификациялы кабинеттер, компьютерлер, мектеп және балабақша жиһаздары,асхана жабдықтары және т.б.).
Білім нысандарының құрылысына 2016 жылы 6,4 млрд. теңге бөлініп, 19 білім нысанының (10 мектеп, 5 балабақша, 2 мектеп пен 1 балабақшаға қосымша ғимараты, 1 мектептің қазандығы) құрылысы жүргізіліп, 14 нысан (6 мектеп, 5 балабақша, 1 мектеп пен 1 балабақшаға қосымша ғимарат, 1 мектептің қазандығы) пайдалануға берілді (2015 жылы – 7,4 млрд. теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 9 мектеп, 4 балабақша пайдалануға берілді).
2016 жылы 42 білім нысанын күрделі жөндеуден, 118 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 4,9 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы 11 білім нысанын күрделі жөндеуге, 220 білім нысанын ағымдағы жөндеуге 1,2 млрд. теңге бөлінген).
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қосымша білім беруге ерекше назар аударылды. Қосымша білім берумен қамтылғандар үлесі – 94,3%-ды құрады (2015 жылы – 83,4%).
2016 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімді мамандар дайындауға 56 мамандық бойынша 4123 орын бөлінді, оның ішінде жұмысшы мамандықтар көлемі – 2456 (59,6%) орынды құрады
Бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 2015 жылға қарағанда 383 орынға артты.
2016-2017 оқу жылында 31 (63,3%) колледжде 28 мамандық бойынша оқытудың дуальды жүйесі енгізіліп, оған 2530 білімгер қамтылды. Әлеуметтік серіктестермен 547 келісім-шарттар жасалды.
Дуалды оқыту үрдісі «Қазфосфат», «Бином» «ЖЭС» және «ТаразПассТранс» ЖШС-тері сынды ірі кәсіпорындарда кеңінен жүргізілуде. Әлеуметтік серіктестікті үйлестіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ірі өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтарымен, басқа да мүдделі мекемелермен білім алушыларды өндірістік практикадан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында 2429 келісім-шарттар мен меморандумдар жасалды (2015 жылы – 1361).
«Ұлт жоспары — 100 нақты қадамды» жүзеге асыру — білім беру ұйымдарының басты міндеті.
77-ші қадамға сәйкес елімізде жүзеге асырылатын инновациялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық колледжі «Ең үздік 10 колледж» қатарына енгізіліп, 2 мамандық бойынша австралиялық және германдық әдістеме бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. «Есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 орын бөлініп, «Информатика» пәні ағылшын тілінде оқытылуда.
Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде жұмыс атқаратын 2287 педагогтың 867-і педагог біліктілік арттыру курстарынан өтсе, оның 134-і кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті.
Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев биылғы халық алдындағы есебінде айтып берді.