Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша Жамбыл облысында Астана уақытымен сағат 14:29-да магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Тараздан шығысқа қарай 126 шақырым жерде орналасқан.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде орналасқан», — деп жазылған хабарламада.
ТЖМ мәліметінше:
- Құлан а. 6 б.
- Мерке а. 5 б.
- Шу қ. 3 б.
- Сарыкемер а. 3 б.
- Төле би а. 3 б.
- Тараз қ. 3 б.
- Аса а. 2 б.
- Мойынқұм а. 2 б.
- Қордай а. 2 б.
- Бауыржан Момышұлы а. 2 б.
- Қаратау қ. 2 б.
- Тұрар Рысқұлов а. 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.







